#Мектебім_мерейлі_мекенім
Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.
Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.
Бүгін, мектебімізде 1-қыркүйек мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Атаулы мерекені мектеп директоры Баетов Кайрат Сагидуллаевич ата-аналар мен ұстаздар ұжымын, жас мамандарды, оқушыларды құттықтауымен ашты.
Алғашқы қоңырауды мектебіміздің табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған 1а-1б сынып оқушылары берді.
Оқушыларымызға білімді бағындырар талап пен әрдайым ғылымға құштарлық тілейміз.







