Бала күні - болашақтың үні
Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіпп, "Қазақстан балалары" онкүндігін өткізуде. Әр күн баланың құқығын, қауіпсіздігін, білім мен тәрбие алуын, денсаулығын және дамуын арқау еткен тақырыптық бағыттарға арналды.
Бүгінгі күнгі біз "Балалар үні" деп жариялап, әр баланың үніне, арман-мақсатына кұлақ түрдік. Баланы әрбір ата-ана, әрбір ұстаз, әрбір азамат естуі тис. Оған шынайы көңіл бөліп, жеке тулға ретінде қабылдау - саналы ұрпақ, тәрбиелеудің бастауы.
Балаларымыздың арманы биік болса, болашақта еліміздің де еңсесі биік болары хақ.
Олардың әр тілегінде үміт, әр сөзінде сенім бар. Оны есту - біздің, азаматтық әрі адами парызымыз.
#қазақстанбалалары#балаүні