Кітап –адамзат баласының баға жетпес құндылығы!


Кітап –адамзат баласының баға жетпес құндылығы. Ғылымның қайнар бұлағы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Кітап оқу арқылы білімімізді,сөздік қорымызды, ой-өрісімізді кеңейтеміз.


«Қыста кітап оқу» іс-шара аясында 8 «А» сынып оқушысы Жусупова Даяна қысқы демалысты тиімді пайдалануда. Демалыс кезінде Даяна М.Омарова «Көмбе нанның дәмі» драмасымен танысты. Шығармада соғыс жағдайында өздері азар күн көріп отырған қазақ ауылының қиын өмірі , онда депортацияланып келген халықтар дос-туысқа айналған тағдыры бейнеленген.Шығарма қатты ұнады.
Даяна демалыста кітап оқып, естелікке қысқы фотосуретке түсті. Қысқы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізді.