26 қантар күні 7-11 сынып оқушылары арасында аудандық "Сұлу сөздің зергері" атты байқау ұйымдастырылды. Оған мектебімізден үш оқушы қатысты. Атап айтсақ , " Жас бейнелеушілер" номинациясына 8 сынып оқушысы Ержанқызы Жадыра, " Көркем сөз-жанның сәулесі" номинациясына Аманжол Аяулым, " Ғабит Мүсірепов -сөз зергері" номинациясына 9 сынып оқушысы Сакенова Жансая қатысты. "Ғабит Мүсірепов -сөз зергері" номинациясына қатысқан Сакенова Жансая әділ-қазылар тарапынан "Қозы Көрпеш Баян сұлу" шығармадағы Баян монолог оқуда әртістік шеберлігін көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Жансая облыстық кезеңіне жолдамаға ие болды. Жетекшісі: Жусупова Г.Е