ХХІ ғасырда робототехникамен айналысу мүмкіндігі тек ғалымдарда ғана емес, мектеп оқушыларында да пайда болды. Оқушыларға робототехника сабағы не береді? Ол баланың физикалық және ақыл-ой қабілеттерін дамытады. Математика, физика, информатика және логика, шығармашылық қызмет және басқалармен қарым-қатынас сияқты пәндерді біріктіреді. Қазанның 29 Петропавл қаласында "ROBOTIME"спорттық робототехника бойынша жарыс өтті. 7-8 сынып оқушыларынан құралған Дәуіт орта мектебінің командасы: Атрощенко Алена, Долотов Алексей, Калиниченко Артем, Зюзько Руслан физика пәнінің мұғалімі Асайбеков Р.А. жетекшілігімен "Сумо 15×15", "эстафета-жаяу жүретін робот"санаттарында жеңімпаз атанды. Екі оқушы I дәрежелі Дипломмен және бір оқушы III дәрежелі Дипломмен марапатталды. Біздің бірнеше дүркін жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!